Сот орындаушылары сауда нүктесін сүріп тастады

492
Astana.gov.kz

Шымкент қаласындағы Байтұрсынов көшесі бұрынғы «Гарант» аялдамасындағы сауда нүктесі тып типыл болды. 10 жылдан бері қалалықтар мен студенттерге ыстық бәліш сатып келгендер мен компьютер жабдығын жөндеушілер бір сағаттың ішінде жұмыссыз қалды.

Әл Фараби аудандық сот орындаушылар бөлімінің мамандары заңсыз сауда орнын сүріп тастауға мұрындық болған. 2016 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің талап арызы негізінде бұл сауда орны заңсыз деп танылып, сүріп тастау туралы сот шешімі шыққан. Бірақ екі жылдан бері заңсыз сауда нүктесінің иесі сот шешімін орындауға құлықсыз болған.

«Біздің кешеге дейін ештеңеден хабарымыз болған жоқ. Тіпті жалға алу ақысын да төлеп қойғанбыз. Ескерткен ешкім болмады. Жалға беруші мәселе шешілген деп айтқан еді» деп шырылдады күнделікті тұрсныро нәпақасын осы сауда нүктесінен тауып отырғандар.

Ал сот орындаушылар қала әкімдігі бұл жерді көгалдандыру мақсатында босатып отырғанын айтады. Сөздеріне сенсек, келешекте Байтұрсынов көшесі «Гарант» аялдамасының маңы қызылды жасылды гүлге толмақ.

Жанар Есенбекова