АНОНС Жаңалықтар 

«Гарант» дүкені маңындағы арнайы іс-шара бойынша ресми орган ақпар берді

2017 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласының «Гарант» дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді. Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

«Гарант» дүкені маңындағы ұялы телефон саудалаушыларды ұстап әкетті

Шымкенттегі Тәуке хан және Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы «Гарант» дүкенінің маңы ұялы телефон сататын орталық іспетті. Мұнда бұрын қолданыста болған ұялы телефон саудалайтындар қаптап жүреді. Өзге ағым өкілдері қалағаныңызды тауып беруге әзір. Қымбат бағалы ұялы телефондарды мұнда қалтаға қонымды бағаға сатып алуға да болады. Тіпті арасында ұрланған байланыс құралдары да болып қалуы ғажап емес деген күдік те басым болатыны жасырын емес. Қалалық әкімдік пен тәртіп сақшылары аталған орында «тазалық жұмыстарын» жүргізген. Бірнеше мәрте. Алайда «қуғынға» ұшырағандар «Мега» сауда орталығы маңына қарай жылыстап, қайтадан бұрынғы орындарын «басып алатын». Дәл осы дүкеннің алдындағы…

Read More