Шымкентте 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

415
Шымкентте 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

Шымкентте 700-ге жуық отбасы баспаналы болды. Нұрсәт шағынауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағынауданындағы бес қабатты 16 үйден пәтер кілттері табысталды.

Төрт балалы Тұрниязовтар отбасы бүгін қоныс тойын тойлауда. Екі жыл бойы пәтер кезегінде тұрған отағасы кезегім осылай тез келеді деп ойламадым дейді. Қуанышы қойнына сыймай отырған бұл жандар үшін талай уақыттан бері баспана арман болып келген. Жергілікті әкімдіктердің бірінде бас маман болып жұмыс істейтін Нұрбақыт Тұрниязов бұл күні қызметтік пәтерді иеленіп, төбесі көкке жетіп отыр.

Шымкентте 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

Нұрсәт шағынауданындағы үйдегі 35 пәтер мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлеріне үлестірілді. Мәдениет саласының мамандары мен денсаулық сақшылары да қызметтік пәтерлерге қол жеткізді. Пәтер кілттерін қоныс тойға құтты болсын айта барған облыс әкімі салтанатты жағдайда табыстады.

Тұран шағынауданындағы 640 пәтерлі көп қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.

Шымкентте 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

Айта кетейік, өңірде биыл 263 үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Осылайша, бұйыртса, жыл соңына дейін 6000 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Мақпал Рысбаева

Фото: Самат Мырзалиев