Шымкентте жұмысшы жастарға 286 пәтер беріледі: Қалай өтінім беру керек?

92

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 6 қазан күні сағат 09-00 ден 07 қазан сағат 19-00 аралығында жүргізіледі.

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 286 пәтер мегаполситегі 189-шы орамда орналасқан.

«Жастар» бағдарламасы бойынша өтінім жіберу барысында төмендегі көрсетілген шарттарға аса назар аудару қажет;
– құжаттарыңыздың сапалылығына;
– ұяшықтарды дұрыс толтыруға;
– банктік шотқа депозиттік шоттың ашылған күнін көрсетуді және дәлелді құжатты қосуды;
– қызмет барысындағы жеке жетістіктерге ағылшын курсын немесе басқа да курстарды аяқтау, қол алысып тұрған фотосуреттер, ата-анаға бала тәрбиесі үшін берілген алғыс хаттар, жақсы оқығануы үшін, тәрбиелі студент болғаны үшін берілген сертификаттар мен мадақтамалар жатпайды. Сондықтан, тек қызмет барысында бағаланған мадақтама, алғыс хат, орден, медаль және т.б. қосуды;
– бюджеттік саладағы еңбек өтілі мен жеке кәсіпкерліктің ашылған уақытын дәлелдейтін құжаттарды міндетті түрде салуды;
– 100 мамандыққа игерген мамандығыңыз кірмеген жағдайда «басқа-иное» батырмасын басуыңыз.

Құжаттары бас тартылған немесе балды төмен жинаған жастар келесі кезеңдегі конкурсқа қатыса алады.

Жұмысшы жастар бағдарламасын жүзеге асыру барысында иелігінде соңғы екі жылда тұрғын үйі бар немесе болған, декретте отырған, яғни табыс көзі жоқ, соңғы екі жыл тұрақты тіркеуі болмаған, жиырма тоғыз жасқа толып қойған, табысы 40 АЕК-тен төмен немесе шындыққа сай емес мәліметтер көрсеткен азаматтардың өтінімдерінен бірден бас тартылады.

Сонымен қатар, отбасындағы ерлі-зайыптылардың екеуі де аталған бағдарламаға қатысып, мақұлдама алған жағдайда тек бір тұрғын үймен қамтылады. Жеке-жеке үй берілмейді дейді сала жауаптылары.

Жалпы, Мемлекет басшысының халықты тұрғын үймен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында жергілікті билік өкілдері тұрғын үй салу мен оны халыққа үлестіру ісін қарқынды жүргізіп келеді. Әсіресе, жұмысшы жастарға арналған жоба арқылы баспанамен қамтылып отырған азматтар көп.