Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды

336
Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды

Оңтүстікте қоныс тойын тойлау жалғасуда. Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды. Құрылысы жаңа аяқталған 5 қабатты 2 үй ел игілігіне табысталып отыр.

Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 90 қызметкерге пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды. Бұл күні су жаңа баспаналарға мемлекеттік қызмет пен мәдениет саласының өкілдері ие болды.

Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды

Бүгін Гүлмира Қайықбаеваның да шаңырағында үлкен қуаныш. Төрт балалы жалғыз басты ана туған-туыстың ортасында қоныс тойын тойлауда. Осыған дейін баспанаға зар болып, пәтерден пәтер көшкен бұл жандар тұрғын үй кезегін 3 жыл күттік дейді.

Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды

Облыс бюджетінен 717 млн теңге жұмсалған үйлермен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған жергілікті билік өкілдері пәтерлерді аралап шықты.

Шымкентте 90 үй отбасы жаңа пәтерге ие болды

Айта кетейік, былтыр облыста мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарына 51 қызметтік пәтер берілген. Соңғы екі жылда Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында 80 тұрғын үй пайдалануға беріліп, бес жарым мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлапты.