Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ қосылды

656
Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ қосылды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен Сарыағаш қаласындағы 36 пәтерлі көпқабатты үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы иелеріне пәтер кілттерін тапсырды.

Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ қосылды

Сондай-ақ шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Денисенконың үйіне кіріп, қуанышымен бөлісті.

– Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз. Сіздер – тарихтың алтын қазынасысыздар. Наурыз мерекесі қарсаңында барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық пен жақсылық тілеймін. Жаңа баспаналарыңыз жайлы болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде қарт жауынгер Елбасы тарапынан жасалып жатқан жан-жақты қолдау жұмыстарына өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ қосылды

– Елбасы тапсырмасына сәйкес бізге деген құрмет пен жақсылықтарың үшін шын жүрегімнен осында отырған барлық тұрғындардың атынан рахмет айтамын. Бүгінгі ұрпақ бақытты кезеңде өмір сүріп жатыр. Осы бейбіт кезең әрдайым ұзағынан болсын! – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Денисенко.

Айта кетейік 2015 жылдың шілде айында құрылысы басталған көпқабатты тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 250 млн теңге жұмсалған. Үйді «Оңтүстік құрылыс компаниясы» салған.

Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ қосылды

Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша 2170 адам баспана кезегінде тұр. Қазіргі таңға аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 10 га жерге 5 қабатты, 45 пәтерлі 13 үйдің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу байқауы жарияланған.

Мұнан соң аймақ басшысы Ақтөбе ауылдық округінің Ақжар елдімекенінде табиғи газ желісіне қосу салтанатына қатысты. Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округіндегі газ өткізгіштің құрылысы аяқталғалы 9428 тұрғыны бар 8 елдімекен табиғи газбен қамтамасыз етілген. Осылайша 1327 отбасы көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алды.

Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ қосылды

Табиғи газ өткізгіштің құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 991 млн 372 мың теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарын«CK MEGARON» ЖШС жүргізген. Жалпы аудан бойынша 154 елдімекеннің 74-і табиғи газбен қамтылып отыр.

ОҚО әкімінің баспсасөз қызметі