Түлкібастың тауында жас жігіт адасып кетті

483

Оңтүстіктің құтқарушылары тауда адасып кеткен жас жігітті іздеуде. Түлкібас ауданындағы Теке Қамал тау аймағына демалуға шыққан бір топ жас таудан жаяу түскен. Бірақ, топтан ажырап қалған 26 жастағы жігіт құрдастарынан көз жазып қалыпты.

Төтенше жағдай департаментінің кезекшілеріне жас жігіттің тауға кеткеннен оралмағаны туралы хабар 22 қазан күндіз сағат 14:00-де түскен. Тез арада құтқару жасағының 20 қызметкері мен төрт техникасы және жергілікті тұрғындардан 50 адам іздеуге шыққан. Дегенмен, бір тәулік асса да тауда адасып кеткен азамат табылған жоқ.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД бас маманы: «Сайрам ауданының бір топ жастары Түлкібас ауданындағы тауға шыққан. Қайтар жолда топтан бір жас жігіт адасып қалыпты. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Түлкібас аудынында «Ақсу-Жабағлы» қоры бар екенін ескерсек, мұнда қауіпті аңдар мекендейді. Сондықтан адасып қалған жас жігітке қауіп төніп тұр.»