Алматы, Астана қаласының дәрігерлері Шымкентте қабылдадыАНОНС Жаңалықтар 

Алматы, Астана қаласының дәрігерлері Шымкентте қабылдады

Алматы, Астана қаласынан келген дәрігерлер Шымкентте қабылдау жүргізді. Мамандар облыстық балалар ауруханасы жанындағы емханада медициналық тексеру өткізді. Өзге қаладан келген ақ халаттылар туа бітті түрлі дертке шалдыққан балаларды тексерді. Олардың арасында ортопед, неврапатолог, реаниматолог және УДЗ маманы бар. Бүгін таңғы сағат тоғыздан басталған тексеру жұмыстары кешке дейін жалғасты.

Сондай-ақ, мамандар церебральді сал дертіне шалдыққан балаларды тексерді. Дәрігерлер дертіне байланысты кейбір балғындарға ота жасау қажеттігін айтып, Алматы, Астана қалаларына жолдама берді.

Лаура Нахыпқызы

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz