Жұмысқа орналасу мүмкіндігін енді Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да білуге болады. Қазан айынан бастап қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жұмыс істей бастады.
Олар келушілерді бос жұмыс орындарымен таныстырып, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы еңбекпен қамту туралы түсіндіреді. Бұған қоса жұмыспен қамту орталығынң филиалы фронт-офисте те ашылды. Яғни, енді жұмыс табу мәселесімен жұмыспен қамту орталығының өзіне келмей-ақ, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруыңызға болады.