Оңтүстік бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада алда келедіАНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстік бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада алда келеді

Оңтүстік Қазақтан облысында 2017 жылғы 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыс халқының саны 2 914 054 адамды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Нәтижесінде республика бойынша біздің облыс бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыста 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларын есепке алғанда халықтың табиғи өсімі 47 917 адамды құраған. Бұл өткен жылға қарағанда 10,3 пайызға көбейіп отыр.

Оңтүстік бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада алда келеді

— Биылғы 9 айда облыс көлемінде бала туу көрсеткіші 59 061-ді құрап, республика көлемінде алғашқы орынды еншіледі. Ал құрылған отбасыларға келсек, биыл қыркүйек айына дейін 15 мыңнан астам жұп некеге тұрған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға кеміп отыр, — деді Айдар Ахметбекұлы.

Бұдан бөлек биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша көші-қонмен облысқа келген халықтың саны 19 800 адамды құраған. Яғни, ылтырдың осы кезеңімен салыстырғанда өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны 2 есеге көбейсе, ТМД елдерінен келгендердің саны 21,9 пайызға өсіп отыр. Ал облыс ішіндегі көші-қон 78 514 адамды құрады. Сондай-ақ, облыстан қоныс аударғандардың саны 32 мыңнан асқан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz