Түлкібас ауданында бала туу көрсеткіші артқан

232

Түлкібас ауданында эпидемологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері айтты.

Алдыңғы айларға қарағанда індетке шалдыққан науқастар саны едәуір азайған. Осы күнге дейін 59 адам пневмония мен коронавирус белгілері бойынша ауруханаға түссе, оның 45-і емделіп шыққан.

Сонымен қоса, ауданда жыл басынан бері былтырғымен салыстырғанда бала туу көрсеткіші артып отыр. Дені сау ұрпақты алып келу әркімнің өз қолында дейді бас дәрігері.