Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Шымкент қаласында 9 күнге созылған бокстан ерлер арасындағы республикалық біріншілік өз мәресіне жетті. Ақтық кездесу шарасын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

– Бұл жарысқа екі жүздей спортшы келіп отыр. Барлығы Қазақстанның әр өңіріндегі ең үздік боксшылар. Жекпе-жекте күш пен төзімділік, ептілік пен әдіс сынды қасиеттер сынға түседі. Рухы мықты жандар ғана жеңіске жетеді. Ақтық сайыстағы спортшылар соған лайық деп ойлаймын. Сондай-ақ, осы игі шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның бокс федерациясының басшылығына алғыс айтамын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Он салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен сайыпқырандардың бірінің бағы, ал бірінің бабы шапты. Атап айтқанда, 49 келі салмақта Ақмола облысынан келген Теміртас Жүсіпов жеңіске жетсе, ал 52 келі салмақта Оңтүстік Қазақстан облысының боксшысы Олжас Байниязовтың ұпайы басым түсті. Сонымен қатар 56 келіде елордалық Ілияс Сүлейменов жеңіске жетсе, 60 келі салмақта маңғыстаулық Берік Әбрахманов жеңімпаз атанды.

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Бұдан бөлек 64 келіде Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Бекдәулет Ибрагимов елді қуантты. Ал 69 келі салмақта жамбылдық Асланбек Шымбергеновтің бағы жанды. Ауыр салмақтағы қызықты кездесулер спортсүйер қауымның делебесін қоздырды. 75 келі салмақта сынға түскен оңтүстіктің спортшысы Абай Төлеш намысты қолдан бермеді.

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Ал Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов 81 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ, 91 келі салмақта Қостанай облысының тумасы Антон Пинчук чемпион атанса, аса ауыр салмақта жамбылдық Нұрсұлтан Аманжолов жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Жалпы қорытынды есепте Оңтүстік Қазақстан облысы 1-орынды иемденді.

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Айта кететіні, ел чемпионатына Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев және Данияр Елеусіновтер арнайы қонақ болды.

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Оңтүстік бокс құрамасы Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді

Жоғары деңгейде өткен республикалық чемпионатты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде дүйім ел тамашалады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев