Оңтүстік Қазақстан облысында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыы бар. Одан бөлек аудандарда 7 күндізгі қатынау бөлімі жұмыс жасайды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
— Айта кету керек, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады. Олар: атаулы әлеуметті көмекті төлеу, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамтамасыз ету. Жаңа форматтағы көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады, — деді Мұхит Отаршиев.
Басқарма басшысының айтуынша, мұқтаж 8530 азамат арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен 155,6 млн теңгеге 8 үкіметтік емес ұйым 700 мұқтаж азаматқа арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынған. Сонымен қатар облыста зейнеткерлер саны 233 850 адамға жетіп отыр. Бұл — облыс халқының 8 пайызы.
Бұдан бөлек облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен зейнеткерлерге қолдау көрсету бағытында бірқатар іс-шара қабылданған. Оның шеңберінде жыл сайын 8 мың зейнеткер басқармаға қарасты Ардагерлер және «Мейір» ардагерлер үйлерінде сауықтыру шараларымен қамтамасыз етіледі.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі