Оралмандар квота сұрайды

423

Мемлекеттен бөлінетін квота беріле мен жоқ па! Бүгін ОҚО-тық көші-қон полициясы басқармасына жиналған оралман қандастарымыз осы сауалын жауапты азаматтарға қойды. Бүгінде көршілес және алыс шетелдерден ата жұртына қоныс аударған қандастарымыздың арасында квота беру тоқтатылды деген әңгіме тарауда.

Қалада ҚР азаматығымен бірге квота алуды армандап жүргендер жетерлік. Өткен жылы көршілес өзбек елінен көшіп келгендердің көпшілігі пәтер жалдап уақытша жұмыс жасап күнелтіп жүргендерін айтады. Квотаға ілінсек мемілекет тарапынан отбасының әр мүшесіне тиесілі қаражатын алып баспаналы болар едік дейді олар.

Жыл басынан бері ОҚО 879 отбасы, яғни 3 мыңға жуық азамат көшіп келіп қоныстанған. Бәрі тіркеуге алынып оралман мәртебесіне ие болыпты. Ал квота беру мәселесі өткен жылдың желтоқсан айындағы үкіметтің қаулысына сәйкес уақытша тоқтаған. Бағдарламаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Көршілес елдердегі көшіп келетін қандастарымыздың басым бөлігі ОҚО қоныстануды дұрыс көреді. Сол себепті, біздің өңірге бөлінетін квота да өзге облыстарға қарағанды көбірек болады. Өткен жылы ең көп квота ОҚО мен Маңғыстауға беріліпті.

Өткен жылы ОҚО 2000-нан астам отбасы келіп қоныстанды. ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес жыл сайын 10 отбасына квота берілетін. Енді бұл мәселеде де өзгерістер орын алуы әбден мүмкін.