Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

944
Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 жылдар аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74176 студент білім алуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыспен оқитындардың саны биыл 5,4 пайызға артқан. Өңірде кәсіптік білім беретін жүзге жуық оқу орны бар.

Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

Осындай облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі – №5 колледж жұмысымен журналистер ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында танысып қайтты. 1941 жылдан бері маман даярлап келетін білім ордасы тігінші, модельер, техник-технолог, тоқушы сынды мамандық иелерін дайындауда дейді колледж директоры Гүлмира Тағаева. Оның айтуынша, №5 колледж – облыста жеңіл өнеркәсіп мамандарын дайындайтын оқу орталығы.

Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

– Колледжіміз негізінен кәсіптік білім беруге бағытталған. Дәл қазір 814 білім алушымыз бар. 19 оқу кабинеті мен 9 оқу-өндірістік шеберханамыз жұмыс істейді. Штаттық кестеге сәйкес ұжымда 77 педагог білім береді. Оның 38-ден астамы жоғары және І санаттағы оқытушылар. Сондай-ақ, ОҚО кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, дуальды оқыту жүйесі негізінде облыстағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі 21 кәсіпорынмен 4 жақты келісімшарт жасалынған. Соның нәтижесінде бітіруші түлектеріміз толық жұмысқа орналасады, – дейді Гүлмира Тағаева.

Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

Оқу орны облысымыздағы «Bal Tekstil»,  «Azala Textile», «Әлем-БТ», «ГауҺар», «SABTEX» тігін фабрикалары сынды өндіріс орындарына мамандар даярлап келеді. 

– Осы колледжде «Өрлеу» бағдаламасы бойынша қысқа мерзімде оқып, білім алдым. Соның нәтижесінде бүгінде «Жаңаталап-МТ» тігін фабрикасына жұмысқа орналасып, нәпақамды тауып жатырмын, – дейді колледж түлегі Алмаш Шайзадаева.

Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді курстар бойынша 12 мыңнан астам адам 87 түрлі мамандық бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолданып, оның 30 пайыздан астамы жұмысқа орналасқан.

Оңтүстікте 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алуда

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Асхат Әссанди