Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті терроризмге қатысы бар деген күдікпен 11 азаматты ұстады. Бұл туралы аталған уәкілетті органның баспасөз қызметі хабарлайды.
Арнайы операция бүгін өткен. Терроризмді наихаттау мен діни алауыздықты ушықтырды деген күдікпен Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының 11 тұрғыны ұсталды. Аталған азаматтар Ватсап мессенджері мен ғаламтордың басқа да әлеуметтік желілерде жүйелі түрде ДАИШ экстремистік ұйымы мен басқа да халықаралық террористік ұымдардың идеологиясын насихаттайтын хабарламаларды жүйелі түрде жариялап келген. ҰҚК-нің мәліметінше, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.