Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

861
Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС жұмысы қарқын алған. Көкөніс консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда.

Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде табиғи, экологиялық таза өнімдерге Қытай халқы да қызығушылық таныта бастаған.

Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

– Біздің өнімге күн санап сұраныс артып келеді. Тұтынушылардың көңілінен шыққандықтан деп ойлаймын, қазір шетелдік нарыққа аяқ басып отырмыз. Жазғы уақытта 40 адам жұмысқа тартылған. Ал қазір 20 адам жұмыс жасауда, – деді «Бәйтерек 4» ЖШС директорының орынбасары Бақытжан Оспанов.

Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

Өңделетін көкөністер Сайрам ауданынан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де сатып алынуда. Кәсіпкер алдағы уақытта шикізатты да өзі өндіруді қолға алмақ. Осы жұмыстарды іске асыру үшін аудан әкімшілігімен бірлескен түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

Айта кетсек, «Байтерек 4» ЖШС «Көкөніс консервілеу базасы 2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның жалпы құны – 115 млн теңге. Өндіріс орны Қытай, Ресей, және Болгариядан алынған заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.

Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі