Тон жәрмеңкесі жалғасуда

Қыс қыр астында. Синоптиктер биыл қыстың қаһарлы болатынын болжап отыр. Мұндай жаңалықты естіген қыз-келіншектер тондарын түгелдеп жатыр. Шымкентте тондар жәрмеңкесі жалғасуда. Шетелдік тауардың кең таңдауы кез келген жанның көңілінен шығады. Жаңа түсімнің бағасы да қалтаға қонымды.

Жәрмеңкеде тонның түр-түрі бар. Жасына қарай да таңдау кең. Көңіл қаласа, ішіктердің сан алуан түр-түсі де осында. Мінсіз сапаға жауаптылар жергілікті тұрғындарға мол мүмкіндіктер қарастырып отыр.

Ксения Бритикова, жәрмеңке әкімшісі: «Бізде жаңа түсімдер бар. Тондардың сан алуан түрі. Жаңа тондар, мутон, құндыз ішік — бәрі бар. Келіңіздер, көріңіздер!»

Көрмеге мыңнан аса бағалы ішік қойылған. Бұлғын мен түлкі терісінен тігілген жеңсіз тондар да бар. Мутон және құндыз ішік, күзен терісінен жасалған, жеңі ұзын және қысқа бұйымдар да бүгінде сәнге айналған. Классикалық және жаңа үлгілер бәрі тұтынушының көңілінен шығып жатыр.

Тұтынушылардың көңілінен шығу үшін жәрмеңке әкімшілігі жеңілдіктер жасап отыр. Мәселен, сіз өзіңізге ұнаған тауарды банк арқылы өсімсіз және артық төлемсіз бөліп төлеп ала аласыз. Ол үшін тек бір ғана жеке бас құжатыңыз болса, жеткілікті. Тондар жәрмеңкесі Шымкентте 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Сіз баратын жер — Темірлан тасжолындағы «Әл Фараби» сауда үйі.

Лаура Нахыпқызы