«Туған жерге тағзым» шарасы өтті

876

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауыл клубында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» , «Рухани қазына» бағдарламалары аясында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Алғы сөз алған ауыл əкімі Расұл Самат Əбдімүтəліұлы мен Ш.Қалдаяқов атындағы мəдениет сарайының көркемдік жетекшісі Мыңбай Бақыт Өсербайұлы Елбасы мақаласын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.
Іс-шара барысында туған жердің тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ауыл тарихы мен қазақ салт-дəстүрлері жайлы көрініс қойылды.

Ауылда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің татулығын, бірлігін көрсететін «Халық достығы» биі қойылды. Жергілікті халыққа рухани жаңғыру аясында кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара соңында «Көк тудың желбірегені» əнін барлық ауыл өнерпаздары жəне көрермендер бірге шырқады.