Жастар және дінЖаңалықтар 

Жастар және дін

«Жастар және дін». Осындай тақырыпта облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен патриоттық қозғалыс жиыны өтті. Басқосуға қалалық мешіттің имамдары, ішкі саясат басқармасы, ішкі істер департаментінің қызметкерлері және облысымыздағы аудан-қалалардан 150 оқушы қатысты.

Дін қызметкерлерінің тілге тиек еткен басты мәселесі — мектеп оқушылары арасындағы белең алған діни сауатсыздық. Күн санап қатары көбейіп келе жатқан әлеуметтік желінің тұрақты пайдаланушылары теріс пиғылды азаматтардың арбауының аз-ақ алдында тұр дейді жауапты мамандар. Олардың айтуынша, дінге бет бұрған жас тек болашақтағы өзі күткен рухани тыныштықты ғана емес, елдің, отбасының мүддесін көздейтіндей сауаттылыққа ие болу керек. Басқосу дәл осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Еркін форматта өткен жиын сұрақ-жауапқа ұласты.

Әлия Әділбек

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz