«Қазақтелеком» АҚ өз абоненттерін қуантып, тосын сый жасауды әдетке айналдырған. Жаңа жыл қарсаңында тұтынушыларына табыс тілеген компания өздері ұйымдастырған акцияны қорытындылады. Асығы алшысынан түскендер бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жаңа жылдық сыйлықты тек балалар ғана күтпейді. Үлкендер де үмітті болады. Бұл жолы шымкенттік тұрғындарды «Қазақтелеком» компаниясы қуантты. Абоненттер арасында ұйымдастырылған акция қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Сапалы қызметке қосылғандар бағалы сыйлықпен марапатталды.
Талғат Қатыбеков, «Қазақтелеком» АҚ коммерциялық директорының орынбасары: «Бұл акция мамыр айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасты. Оған төрт мыңнан аса абонент қатысты. Акцияның қатысушысы атану үшін ақылы телевидение, яғни iD TV тұтынушысы атануы шарт болатын. Ал бүгін біз VIP-қызметін пайдаланушылардың арасында өткен акцияның үшінші кезеңін аяқтап, жеңімпаздарын анықтадық. Бұл қызметке қосылғандар жылдам интернет пен түрлі қызметтің тек сапалысын ғана қолданушылар болып табылады. Бұл акцияға 700-ге жуық абонент қатысты.»
Ақмарал Рүстемова — Қазақтелекомның тұрақты абоненті. VIP-қызмет түрін таңдап, акцияның қатысушысы атанған. Енді сапалы байланыстан бөлек бағалы сыйлыққа ие болды.
Ақмарал Рүстемова: «Жаңа жылда Қазақтелекомға таыбс тілеймін. Қуанып қалдым. Рахмет, еңбектеріңіз жемісті болсын!»
Мұндай бағалы сыйлыққа тек шымкенттік абоненттер ғана емес, компания ұйымдастырған акцияның жеңімпаздары деп табылған өзге де аудан-қала тұрғындары планшеттің иесі атанды. «Қазақтелеком»АҚ қызметкерлерінің айтуынша, бұл — тосын сыйдың бастамасы ғана. Алдағы 2018 жылы түрлі акциялар ұйымдастырылып, түрлі науқандар өткізілмек. Өйткені компания тұтынушыларының сенімі табыстың кілті.
Лицензия: № 14014626 ҚР ақпарат және байланыс министрлігі 09.10.2014 ж. берген.