Жылу құбырлары жөнделмесе, жылу жоқ АНОНС Жаңалықтар 

Жылу құбырлары жөнделмесе, жылу жоқ

Шымкенттегі Асқаров көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары өздерінің ортақ үйінің жылу жүйесіне немқұрайлы қарайды. Соның салдарынан суық түскенде әкімдікке шағым жасап, сапалы жылуды талап етуде. Осындай күрделіліктерге қарамастан Қуат жылу орталығы-3 мекемесінің жұмысшылары лас жертөледе жұмыс істеуге мүмкіндік болмағандықтан, жүйені сыртқа шығаруға мәжбүр болған. Асқаров көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары жылуға жарымай келеді. Айтуларынша, пәтерлерін өз бетінше, түрлі тәсілдермен жылытады. Бірі электр жылытқышын пайдаланса, енді бірі желдеткіштің жылы ауасын қосады. Тіпті ыстық су құйылған бөтелкелерді жиі падаланады. Қолдағы құжаттарын қарасаңыз, бұл көпқабаты үй кондоминиум нысаны ретінде әділет депортаментінде тіркелген. Бірақ тұрғындардың бірде-бірі…

Read More
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады АНОНС Жаңалықтар 

Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді. Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса…

Read More
Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты Компания жаңалығы 

Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты

Шымкенттің білікті дәрігерлері BestMed клиникасында тәжірибе алмасты. Көп салалы медициналық мекемеде бас қосқан офтольмологтар көз ауруын заманауи әдіспен емдеу жолын талқыға салды. Айта кетейік, «БэстМед» клиникасы — жоғары сапада қызмет көрсететін медицина орталығы. Жекеменшік орталықта көрсетілетін қызмет түрі жылдан жылға артып келеді. Силкин Василий — жоғары дәрежелі көз дәрігері. Отыз жылдан аса тәжірбиесі бар маманның шеберлік сабағына Шымкенттегі офтольмологтар қатысты. Білікті мамандардың бас қосуы «БестМед» клиникасында кездейсоқ өткен жоқ. Өйткені әлеуметтік мекеме медициналық қызмет көрсетуде үздік екендерін дәлелдеген. Ибраим Қарақұлов, «Медик Сервис» ЖШС-нің директоры: «Бүгін семинарда көз аурулары жөнінде талқыладық.…

Read More
Прокурорлар: Қылмысты қолдан жасаған полицейлердің әрекеті әшкере болды Оқыс оқиға 

Шымкентте ірі сомадағы ақшасы бар әмиянды ұрлаған азаматша ұсталды

Шымкент қаласының полицейлері ірі сомадағы ақшасы бар әмиянды ұрлаған азаматша ұсталды. Желтоқсан айының басында Әл Фараби полиция бөліміне 66 жастағы зейнеткер арызданып келеді. Ол өз арызында қоғамдық көлікте сөмкесінен ірі сомадағы ақшасын әмиянымен белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу нәтижесінде күдікті ретінде 1972 жылы туған, Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушінің сөмкесінен 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкасы бар әмиянын ұрлағаны анықталды. Ол кейін әмияннан табылған карта пин-кодымен жәбірленушінің 600 мың теңгеден астам ақшасын банкоматтан алған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ұрлық…

Read More
Оңтүстікте 2018 жылы 320 әлеуметтік нысан салынады АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстікте 2018 жылы 320 әлеуметтік нысан салынады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті. Онда облыстың 2018 жылғы бюджетінің жалпы көлемі 447,7 млрд теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,3 млрд теңгеге артық. Бұл жөнінде облыстық депутаттар алдында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыс бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталған. Мәселен, білім беру саласына жалпы 42,9 млрд теңге қарастырылса, денсаулық сақтау саласына — 19,5 млрд теңге, халықты әлеуметтік қолдау саласына 6,9 млрд теңге бағытталып отыр. Сонымен бірге мәдениет және спорт…

Read More
Оқыс оқиға 

Шымкентте үш бала иіс газынан уланып қалды

Шымкентте көп қабатты үйлердің бірінде әйел мен үш жасөспірім қайтыс болды. Республика даңғылында орналасқан пәтерде орнатылған газ құрылғысынан бөлек мұржа болмаған. Газ таратушылар осылай деді. Соның салдарынан 4 және 10, 11 жасар балалар қаза болды. Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов марқұмдардың иіс тиіп уланып қалғанын мәлім етті. — Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде газдан уланып егде әйел мен 3 бала қаза тапты. Ересектер тарапынан қарапайым қауіпсіздік шаралары сақталғанда төтенше жағдайды болдырмауға да болар еді. Дер кезінде мұржаны тексеріп, орнатып қою қажет еді. Республика даңғылындағы пәтерде қосымша газ құрылғысының бөлек мұржасы болмаған.…

Read More