Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы жылының салтанатты жабылуы өтті АНОНС Жаңалықтар 

Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы жылының салтанатты жабылуы өтті

Түбі бір түркі жұртының түпқазығы, рухани астанасы Түркістан қаласында Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы жылының салтанатты жабылуына арналған гала-концерт өтті. «Түбі бір түркілер» хореографиялық-пластикалық қомпозициясымен бастау алған конценрттік бағдарламада облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз алып, барша жиылған жұртшылықты бүгінгі айтулы күнмен құттықтады. — Түркі әлемінің бүгінгі замандағы кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бері жүзеге асырып, Түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сына айналды. Өткен жылдың соңында ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын түркі…

Read More
Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды АНОНС Жаңалықтар 

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

Түркістан қаласында рәміздер алаңы ел игілігіне беріліп, еліміз бойынша биіктігі жағынан үшінші алып ту желбіреді. Ту тұғырының биіктігі  62,5 метрді құрайды. Ал байрақтың ені — 12, ұзындығы — 24 метр. Азаматтардың туған жерге және оның рәміздеріне деген құрметті арттыру, патриоттық рухын ояту мақсатында салынған алаңның салтанатты ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тəуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі — рəміздеріміз бар. Оның біріншісі — елтаңба, екіншісі — әнұран, үшіншісі — көк байрақ, төртіншісі — қазақ тілі» деген сөзі бар. Сондықтан егемен еліміздің…

Read More
Қаладағы қоғамдық көлік саны азайып кетті АНОНС Жаңалықтар 

Қаладағы қоғамдық көлік саны азайып кетті

Қар түскелі қатынас қиындап кетті. Әсіресе, облыс орталығында жолаушылар көлігі сиреп, қоғамдық көліктердің қамту жиілігі күрт төмендеді. Күн сайын шаһар көшелеріне мыңнан астам автобус шығуы тиіс, алайда олардың саны 600-ге азайған. Бүгін көлік бөлімінің мамандары жолға шығып, жолаушылардың жағдайын білуге тырысты. Жолаушылардың жағдайы мәз емес. Аялдамаларда сағаттап автобус күткен шымкенттіктер тоңып, шыдамы таусылған соң амалсыз таксимен жүруге мәжбүр. Айтуларынша, жер құрғақта амалдап жүргенімен, күн суып, жерге қар түскелі қатынас қиындап кеткенін айтады. Әсіресе, қала сыртындағы шағынаудандарға қатынау тіптен қиынға соққан. Таскен шағын ауданына қатынайтын №44 және 89 бағыттағы автобустардың саны…

Read More
Халыққа қызмет көрсету орталығы түннің жарымына дейін жұмыс істейді. Пилоттық жоба ретінде қолєа алынған қызмет түрі бойынша өңіралыќ құжаттарды түнгі сағат 12-ге дейін алуға болады. Қызметтер сапасын арттыру үшін өзге де тың жүйелер жүзе асуда. Мәселен, осыған дейін тиісті шараларға қол жеткізе алмай жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар да орталық қызметін бір кісідей пайдалана алатын болды. шум ЗКТ: Шымкент қаласының тұрғыны Абзал Сейітов осыдан бірер кұн бұрын жүргізуші куәлігін алу үшін өтініш қалдырған.Қала сыртында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баруға уақыт таппаған ол жаңа жүйеге жүгініп отыр. Дайын құжатты енді аудандық мекемеден де алуға болады. СНХ:Абзал Сейітов, Шымкент қаласының тұрғыны Айта кетейік, жыл басынан бері бері халыққа қызмет көрсету орталығында 5 млннан астам қызмет түрі көрсетілген. Оның 3 мыңнан астамы электрондық түрде жүзеге асты дейді мамандар. Қазір бір реттік құпия сөз арқылы үйде отырып-ақ кей қызмет түрлерін пайдалануға болады. Ал электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, мүмкіндігіңіз көбейе түседі. шум Жыл басынан бері іске қосылған сурдоонлайн жүйесі де орталықтың жетістігінен саналады. Қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтар осынау тың жүйенің шарапатын көріп отыр. стендап Маманның міндеті қызмет алушыны байланыста отырған операторға қосу. Оператор мен клиент өзара сөйлесіп, жергілікті маман оператордың дауысы арқылы, қандай қызметке қажеттілік туғанын біліп отырады. СНХ: Жандос Болатов, директордың орынбасары бізде түнгі қызметте жұміс істейді.... Ал түнгі мезгілде жұмыс істейтін Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мекен жайының ауысқанын хабарлайды. Қазір бұл мекеме Нұрсәт шағынаудыны 7 үйде ораналасқан. Айта кетейік, пилоттық жобалар тек қызмет сапасын жақсартып қана қоймай, сыбайластың да алдын алады дейді мамандар. АНОНС Жаңалықтар 

Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы ауысты

Халыққа қызмет көрсету орталығы түн жарымына дейін жұмыс істейді. Пилоттық жоба ретінде қолға алынған қызмет түрі бойынша құжаттарды түнгі сағат 12-ге дейін алуға болады. Қызмет сапасын арттыру үшін өзге де тың жүйелер жүзе асуда. Мәселен, осыған дейін тиісті шараларға қол жеткізе алмай жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар да орталық қызметін бір кісідей пайдалана алатын болды. Шымкент қаласының тұрғыны Абзал Сейітов осыдан бірер кұн бұрын жүргізуші куәлігін алу үшін өтініш қалдырған. Қала сыртында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баруға уақыт таппаған ол жаңа жүйеге жүгініп отыр. Дайын құжатты енді аудандық мекемеден…

Read More
Шетелге ұн шығаруға вагон тапшы Жаңалықтар 

Шетелге ұн шығаруға вагон тапшы

«Ұн шығарамыз. Бірақ оны алушыға жеткізе алмаймыз». Ордабасылық диірменшілер осылай деп дабыл қақты. Кәсіпкерлер өндірген өнімін экспортқа жөнелту үшін вагон тапшылығын сезініп отыр. Бадам ауылындағы «Ордабасы нан» зауыты өндірген ұнын экспортқа шығара алмай отыр. Өйткені, тауар тасымалдайтын вагон тапшы. Өнімінің 70 пайызын Ауғанстан мен Өзбекстанға жөнелтіп келген екен. Тәулігіне 450 тонна бидай өңдейді. Енді соны сыртқа сату мұңға айналыпты. Биыл солтүстік облыстардан бидай әкелу де, шыққан ұнды тұтынушыға жеткізу де қиындаған. Ал вагондарды «Астық Транс» акционерлік қоғамы береді. Зауыт директорының айтуынша, бұдан бөлек коммуналды тарифтер де қымбаттаған. «Электр қуатына айына…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Құқық қорғау органдарының басшылары жастармен кездесті

Жастардың құқықтық сауатын ашу — кезек күттірмейтін мәселе. Осыны ескерген құзырлылар көшпелі жиын өткізіп, заңды түрлі өзгерістерді түсіндіріп жүр. Заң жобасын жастармен талқылағандар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудегі тың идеялармен танысты. Сондай-ақ, қылмысты процестің жаңа тәртібін түсіндірген шенділер студенттер мен ұстаздар қауымымен ашық әңгіме жүргізді. Бексұлтан Сапарбек — болашақ заңгер. ІІІ курс студенті барлық құқық қорғау органдары басшылары мен өкілдерінің басқосқан жиыннан түйерім көп дейді. Бексұлтан Сапарбек: «Бүгінгі жиын біз секілді болашақ заңгерлер үшін аса қажет. Қазақстан заңнамаларындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы, заң нобайларын егжей-тегжей білеміз. Мен болашақта прокуратура саласында жұмыс…

Read More