Шымкентте тағы бір "Балалар әлемі" дүкені ашылды Компания жаңалығы 

Шымкентте тағы бір «Балалар әлемі» дүкені ашылды

Бар жаңалық — балаларға. Шымкентте жаңадан «Балалар әлемі» дүкені ашылды. Гиперхаус сауда үйіндегі сөрелерде бүлдіршіндер үшін жаңа үлгідегі киім-кешектер мен түрлі қажетті тауар түрлері саудалана бастады. Ең бастысы, ертегілер мен ғажайыпқа жаны құмар балаларға жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырылған. Бұл жәрмеңкемен қоса «Балалар әлемінде» таңдаулы тауарларға жеңілдіктер де қарастырылыпты. «Балалар әлеміне» бас сұққан Тамараның таңданысында шек жоқ. Қызына қонымды бұйым іздеген ол мұндағы сырт киімнің сан алуан түрін көріп, таң қалғанын жасырмады. Ресейлік сапалы бұйымдардың бұншалықты арзан және талғамнан шығуы көңіл қуантады дейді Тамара. Тамара Ершова: «Шынымды айтсам, көп дүкендердегі жеңілдіктерді…

Read More
Шымкентте заңсыз жасалған тауарлар анықталды АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте заңсыз жасалған тауарлар анықталды

Айлакерлерден қулық артылар емес. Шымкентте заңсыз жолмен өнім өндіріп, әйгілі сауда белгілерінің атын жамылғандардың жолы кесілді. Жыл басынан бері облыста осындай 15 дерек тіркелген. Ал әділет органының өкілдері көлеңкелі бизнеспен белсене күресуге заңнамадағы түйткілдер тосқауыл болуда деп отыр. Жарнамасы жер жаратын «Фейри», «Белизна» сауда белгілерін заңсыз пайдаланып, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндердің жолы кесілді. Сырт қарағанда бұл тауарлардың тұпнұсқадан еш айырмасы жоқтай көрінеді. Алайда жапсырмадағы кей жазбалар мен таңбаларға мән бере қарасаңыз, пысықайлардың шалалығын байқау қиын емес дейді мамандар. Жуырда әйгілі «Пионер» ұнының тауар белгісі де айлакерлерге майшелпек бола жаздапты.…

Read More
Жергілікті полиция басшысы онлайн-конференция өткізді АНОНС Жаңалықтар 

Жергілікті полиция басшысы онлайн-конференция өткізді

Тәртіп сақшысы аманатқа қиянат жасады. Ауылды жерде баспана жалдап тұрған полицей өзгенің сеніп тапсырған үйін астаң-кестең еткен. Осылай деп ашынған Ордабасы ауданының тұрғыны полиция қызметінің басшысынан көмек сұрады. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Әбдіғани Сейдуалиев облыс тұрғындары үшін онлайн-конференция өткізді. Жиында басшыға өңірдегі тәртіп сақшыларының жұмысы туралы түрлі сауалдар түсті. Шенділерге қатысты айтылған әр сынды Әбдіғани Тойшыұлы мұқият тыңдап, жеке-жеке жауап берді. Тағы бір сауалдардың бірі Ордабасы ауданы тұрғынан келіп түсті. Кездесуде Бадам ауылының тұрғыны Бахтияр Смадиярұлы жергілікті полиция қызметінің басшысынан көмек сұрады. Айтуынша, Бадам ауылында учаскелік полиция қызметін атқарған Жансерік…

Read More
Шымкентте ыстық су тарифі өзгерді АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте ыстық су тарифі өзгерді

Шымкентте ыстық су тарифі өзгерген. Мұны бірі білсе, екіншісі біле бермейді. Ыстық суды, әсіресе, көп қабатты үй тұрғындары көп қолданады. Тұтынушылар қараша айына келген төлем түбіртегінен тарифтің бірден 421 теңге 89 тиынға қымбаттағанын байқапты. Бірден қымбаттап кеткен ыстық судың тарифі қалай есептелді? Бағам баршаның қалтасын көтере ме? Шымкенттік зейнеткер Софья Галиулина қараша айына келген түбіртектегі ыстық су тарифін көріп, шалқасынан түсе жаздағанын айтады. Бірден 421 теңге 89 тиынға қымбаттаған баға  қалтаға әжептеуір салмақ түсірді деп отыр. Айтуынша, былтыр тұтынған ыстық суы үшін бір адам 780 теңге 14 тиын төлепті, ал…

Read More
Шымкенттің әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті АНОНС Жаңалықтар 

Шымкенттің әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев облыс және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілерімен, республикалық БАҚ меншікті тілшілерімен кездесті. Кездесу барысында Нұрлан Ермекұлы қала әкімдігінің жұмысы алдағы уақытта қалай жүзеге асырылатынын, баса мән берілетін негізгі бағыттар туралы әңгімеледі. Ең бастысы – қала тұрғындары. Әкімдіктің жұмысы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартатын әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сонымен, қалалық әкімдік жұмысының негізгі бағыттары: — көлік (жолдар, қоғамдық көлік және т.б.); — тұрғын үй-коммуналды шаруашылық (коммуналды қызметпен қамтамасыз ету); — әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, кітапханалар мен ауруханаларды соғу; — қауіпсіздік; — халықты жұмыспен қамту. Қала әкімі жаңаша…

Read More
Шымкенттің жаяу жүргіншілер жолы да қардан тазаланады Жаңалықтар 

Шымкенттің жаяу жүргіншілер жолы да қардан тазаланады

Шымкентте жауған қар көп жатпайды. Биыл Беларуссиядан жектізілген техника көше қарын жылдам тазалап, көктайғақтың алдын алады. Алғашқы жауған қарды тазартуға шыққан трактор тротуарларды тазалап, жаяу жүргінші жолын ақұлпадан аршыған. Сондықтан болар, сала мамандары жаяу жүру қауіпсіз деп сүйінші сұрады. Жақында ғана «ЛТД тұрмыс» мекемесіне Беларуссиядан жаяу жүргінші жолын тазартатын 4 трактор әкелінген. Техника жыл сайын назардан тыс қалатын жаяу жүргінші жолын тазалайды. Нәтижесінде көктайғақта тайып, майып болатындардың саны азаяды дейді сала мамандары. Биыл қыста жаяу жүргінші жолына шағым болмайды деп сендіреді. Алайда қаланың қақ ортасындағы жаяу жүргіншілер жолы көк мұз.…

Read More