Кітапханашылардың аймақтық форумы өтті АНОНС Жаңалықтар 

Кітапханашылардың аймақтық форумы өтті

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашылардың Х аймақтық форумы өтті. Іс-шара кітапхананың 6 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған. Қорында 480 мың кітабы бар кітапхананың осы уақытта жеткен жетістігі көп. Биыл балалар бөлімі кішкентай оқырмандарға есігін айқара ашып отыр. «Отырар» кітапханасы — тарихи маңызы зор Отырар қалашығына тәуелсіздік жылдарда қойылған ескерткіш. 480 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханада қаламгерлер де бас қосты. «Бір ел — бір кітап» жобасы бойынша жыл кітабын таңдауға тырысты. Бұл да Оңтүстіктің әдеби әлеміндегі игі жаңалықтың бірегейі. Жиналғандар алдымен Отырар қаласының тарихынан сыр шерткен сахналандырған көріністі тамашалады. Балалар мен…

Read More
Шымкенттің бас жоспары талқылануда Жаңалықтар 

Шымкенттің бас жоспары талқыланды

Шымкентте кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жолғы басқосу шаһардың 2012 жылы қабылданған бас жоспарына егжей-тегжей жоспар жасау жұмысына арналып отыр. Мамандар ол жоспардың маңыздылығын түсіндіріп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді. 2012 жылы қабылданған бас жоспарға сай қаланың аумағы 117 гектарға ұлғайған. Ол бойынша қалаға үш ауданнан 40-тан астам елдімекен қосылды, күн санап қала халқының саны да өсуде. Бір миллион 200 мың адамға шақталып жасалған жоспар қайта жөнделіп, 1 млн 400 мың тұрғынға арналып жасалуда. Осы егжей-тегжей жоспарды жасаушылардың айтуынша, жобада қаланың жан-жақты өсуі толығымен ескеріліпті. Жаңа әуежай, жаңа теміржол вокзалының салынатын…

Read More
Жылу құбырларын орау Жаңалықтар 

Жылу құбырларын орау жалғасуда

Шымкенттік мамандар жылу сапасы қатаң қадағалауда деп сендіреді. Бұл міндет Қуат жылу орталығы мен «Энерго орталық» акционерлік қоғамына жүктелген. Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы жылу құбырларының сыртын қымтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сала мамандарының айтуынша, жоспарланған 43 шақырым құбырдың тең жартысы қапталыпты. Бұл істі атқарып жатқан 8 бригада жұмысты желтоқсан айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Еске салар болсақ, бұған дейін қаладағы жылу құбырлары жалаң, соның салдарынан жылу сақталмайды деген шағым көп түсетін. Енді құбырлар оралып, тотықпайтын қаңылтырмен қапталуда. Жұмыс шаһардағы барлық шағынауданда жүргізіледі. Нұрлан Күдерұлы

Read More
Құбыр жаңаланбаса - жылу мардымсыз АНОНС Жаңалықтар 

Құбыр жаңаланбаса — жылу мардымсыз

Күн суытқалы сапасыз жылуға шағымданатындардың қатары артып келеді. Редакциямызға хабарласқан тұрғындардың бір бөлігі жылудың жарымай отырғанын алға тартты. Әсіресе, Сайрам көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары берген жылуды толық ала алмай әбігерге түскендерін айтады. Сайрам көшесіндегі үйдің тұрғыны Диля Анарметова пәтерінде жылудың мардымсыз екенін айтып, арнамызға хабарласқан болатын. Жас ананың айтуынша, жоғары қабаттардағы көршілерінде батараялар ұстатпайды, ыстық. Неліктен жүйеге келген жылуды біз толық ала алмай отырмыз дейді тұтынушы. Тұтынушы мен қала әкімдігінің дипсетчерлік қызметінің шақыруы бойынша келген мамандар үйдегі жылу жүйесінде бар күрделілікпен етене таныс. Көпқабатты үйлерге неге жылу келмей тұрғанын анықтау…

Read More
Шымкентте әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

Ауылдағы ағайынның әлеуетін арттыруға үкіметтік емес ұйымдар да атсалысады. Олар да көштен ілгері қалмай, заман талабына сай өмір сүруі тиіс. Шымкентте өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысқандардың мақсаты осы. ОҚО азаматтық альянсы ұйымдастарған шараға өңірдегі белсенді бірлестіктерден бөлек бастаушы ұйымдарда қатысып бақ сынады. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі үкіметтік емес ұйымдарға үлкен мүмкіндік сыйлады. Түркістандағы «Шапағат» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдессін қорғау бағытында байқауларға қатысып, жобаларын жүзеге асыруда. Бүгінгі жәрмеңкеде жеңіске жетсе, мүгедек жандардың қоғамдық орындарда еш кедергісіз қозғалуына және жұмысқа орналасуына жағдай жасаймыз деп бекінген. Жәрмеңкені өткізудегі…

Read More
"Отырардың" Youtube каналында медициналық сақтандыру туралы пікірталас өтуде Жаңалықтар 

«Отырардың» Youtube каналында медициналық сақтандыру туралы пікірталас өтуде

Otyrar.kz порталының YouTube каналында міндетті медициналық сақтандыру туралы пікірталас өтуде. Онлайн-пікірталас «Баршаға арналған медицина» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл — //otyrar.kz порталы мен медициналық сақтандыру қорының біріккен жобасы. Тікелей эфирде Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, 2018 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу мәселесі талқылануда.

Read More