«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — «Асыл арман» корпорациясының жетекшісі, облыстық кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева.
— «Асыл арман» корпорациясы туралы кеңірек тарқатып айтсаңыз…
— Корпорация кезінде өзім бастағанда, басқарғанда көпшілік желілік маркетинг деп ойлады. Ол ешқандай да желілік маркетингке жатпайды. Ресейде 5-6 жыл француздармен жұмыс істеп келдім. Өзімнің арманым болды «солардың заттарын әкеп сатамыз ақша соларға кетеді, неге біз өзіміз жасап сатпаймыз», деген ой келді. Өзіміздің иен даламыз тұнған байлық. Осы Шымкентте дәрі-дәрмекті шығарып жатырмыз. Денсаулыққа өте пайдалы заттар. Бастаған кезде «оңтүстіктен шығарылып жатыр ма?» дегендей күмәнмен қарады. Қазір күмән сейілді, бәрі сеніммен қарайды. Қырғызстан, Германия, Ресейден келіп алып кететіндер көп. Қолданатындар да көп. Өте көп сұрайды. Сұраныс жоғары. Бір көрмеде Оңтүстік Кореяның адамдарымен таныстым, олар біз шығарған өнімді көріп «табиғи заттардан жасалған екен» деп қызығушылық танытты.
— Топтамаларыңыз туралы айтып өтсеңіз… Қандай дәрі-дәрмектер бар?
— Дәрі-дәрмектерді өзіміздің табиғи заттардан жасаймыз. Жусан деген керемет шөп. Көптеген дертке дауа. Керек емес микробтарды өлтіруге күші бар. Жусаннан тағы басқа дәрілік шөптерді жинап, балмен қосылған оншақты бальзам шығарамыз. Соны ішкенде инфекция, бактерия, вирус, паразиттер жойылады. Бальзам иммунитетті көтереді, энергетиканы көтереді. Денсаулықты дұрыстауға сеп болады.
— Шөптерді қайдан аласыздар?
— Өгемнен жинап аламыз. Тауға шықсақ, өзбекстандық кәсіпкерлер еліміздегі тұнып тұрған дәрілік шөптерді көріп қызығады. Сіздерде мүмкіндік көп дейді.
— Дәрілік шөп жетіспеушілігі бар ма?
— Дәрілік шөптің күшіне келетін кезі болады. Оны шөп жинайтындар бәрі біледі. Шөпті жинап тапсыратын адамдар бар. Қай кезде жинау керек бәрін біледі. Технологтарымыз дәріні жасап шығару жолдарына жауапты. Ал менің басты міндетім — ары қарай қалай сату керек, соған жауаптымын. Өнімдеріміздің бірінші өзім қолданамын. Өзіңе нәтиже берсе оны айту оңай. «Елу жасқа жетіп, 4 кесар тілігімен босанып, қалай энергияң тасып жүгіріп жүрсің» дейді. Салауатты өмір салтын ұстанамын. Спортпен айналысамын, суды көп ішемін. Кітап жазып жатырмын.
— Бәсеке болатындар бар ма?
— Бәсекелес компаниялар көп. Біреуі желілік маркеингпен шығады. Біреуі дәрі дәрмек шығарады. Бір жағынан жақсы соларға қарап ары қарай өсуге, өрлеуге мүмкіндік бар. Американдық компаниялардан көп үлгі аламыз.
— Беттегі дақты кетіруге, шашты емдеуге арналған топтамалар бар ма?
— Күнделікті тіс жуғандай адам өз-өзіне күтім жасауы керек. Бүгінде оған мүмкіндік көп. Өзіміз денсаулығымызды ойлағанда ішкен жегенді емес, терімізді қалай күтіп жатырмыз соған мән беруіміз керек. Өнімдеріміз минералмен, табиғи заттардан жасалған дүниелер. Ем ретіндегі косметикалық заттар көп. Шашқа арналған, тіске арналған бәрі бар.