«Медиация және қоғамдық келісім кеңесі — егіз ұғым»

640

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — Қазақстан халқы ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша хатшысының орынбасары Мұратәлі Халмұратов.

— Желтоқсан есеп беретін, нәтиже шығаратын уақыт. 2017 жылы мекемелеріңіз қандай ауқымды жұмыстар атқарды?

— Қазақстан Халқы Ассамблеясы Елбасы басқаратын, ал облыста облыс әкімі Жансейіт Түймебаев басшылық ететін бірегей институт. Бұл бірегей институт екені, аналогы жоқ институт екені әлемге аян. Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдардың барлығы бізден келіп үйреніп жатыр. БҰҰ, ОБСЕ, «Комитет форум – 18» атты ұйым бар. Бізде 130-дың үстінде ұлт бар, шынымен де осылар тату тұрып жатыр ма, шынымен де осылардың бірлігі жарасқан ба деген сұрақтар оларды да мазалайды. Келіп көріп, таңданып жатқан жағдайы бар. Бірегей институтты Елбасы өзі құрған. 22 жыл бойы сәтті жұмыс істеп келе жатыр. Жұмысымызды ел бағалайды. Жалпы дұрыс жұмыс істедік деп ойлаймын.

Ассамблеяның 25 сессияында Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясы нәтижелі жұмыс істеді деп баға берді. Алдағы уақытта медиация және қайырымдылық ісімен айналысу, оның бәрін үйлестіру қажет деп атап өткен болатын. Ассамблея облысымызда жасалып жатқан қайырымдылық шараларының барлығын үйлестіріп келеді. Биыл елімізде 87 миллион теңгеге қайырымдылық жасалды. Осы жұмыстардың барлығына біздің қазақ азаматтарымыз, этностардың кәсіпкерлері көп үлес қосты. Облыстық тәжік этно-мәдени орталығының мүшесі Жетісай қаласының жанындағы ауылда өзінің 124 миллион теңге қаражатына балабақша салып берді. Ал түрік этно-мәдени орталығының басшысы Латифша Асанов құрбан айт кезінде 20 қара мал шалып 700 отбасыға таратып берді. Жақында ғана «Қайырлы іс» атты форум өткіздік. Облыстық әзіл-сықақ театры келіп өнер көрсетті. 500-ге жуық кәсіпкерді шақырдық, олардан 4 миллион 600 мың теңге қаражат түсті. Ол қаражат 5 балаға 500 мың теңгеден бөлініп берілді. Арнайы осы қаражатты қабылдайтын, реттейін комиссия құрылды. Жақын күндері комиссия отырысын өткізіп дімкәс балаларға бөлініп беріледі.

— Атқарып жатқан жұмыстарыңызды көірп жүрміз. Нәтижелі де. Басқа салаларда медиация, қоғамдық келісім сынды салаларға тоқталып өтсеңіз…

— Медиация және қоғамдық келісім кеңесі егіз ұғым. Медиация бұл сотқа дейін екі тарапты келісімге келтіру, шетелдерде Еуропада азаматтық істердің, ауыр емес қылмыстық істердің 60-70 пайызында медиация тәртібі қолданылады. Бұрын қазақ даласында бұл үрдіс болған. Билер инститиуты болған дүние. Бүгінгі таңда облысымызда 3-4 пайызында медиация қолданылуда. Қоғамдық келісімге нұқсан келертін жәйлардың барлығы да осында қаралады. Бүгінде облысымзда 202 қоғамдық кеңес жұмыс істейді.