Оңтүстікте тағы бір адам иіс газынан уланып, мерт болды. Қайғылы жағдай Сарыағаш қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Мұнда газбен жылынатын құрылғыдан ақау шығып, 35 жастағы азамат өз үйінде уланып мерт болды.
Қазір осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бейресми мәліметтер бойынша, марқұм қайғылы жағдай болған күні үйінде жалғыз болған екен. Сондықтан үй ішінде газ иісінен уланып зардап шеккен өзге де азаматтар туралы нақты ақпар жоқ.
Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД өкілі: «25 желтоқсан күні 17:30-да Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі, №243 үйден табиғи газбен жанатын құрылғының дұрыс жалғанбауынан улы газдың иісіне 1983 жылы туған азаматтың уланып, қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған мамандар тексеру жұмыстарын жүргізуде.»