Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығына - 20 жыл

Биыл Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай орталықта «Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым» атты ғылыми практикалық конференция өтті. Басқосуға облыс, қала әкімдерінің орынбасарлары мен зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.

Тіл білімінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген орталықтың мерейтойына арналған ғылыми жиынға А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек те келді. Филолог латын әліпбиінің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, 1997 жылдан бері орталықта 20 357 азамат білім алған. Олардың 16799 қазақ тілін, 2115 ағылшын тілін меңгерсе, 1443 і орыс тілін оқып шығыпты. Тіл оқыту орталығында алты мыңнан аса мемлекеттік қызметкер оқып, тіл сындырған. Орталық «Іскер қазақ тілін» ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар қызметкерлеріне де тегін оқытады.