«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры директорының міндетін атқарушы Назарбек Нышанбекұлы.
— Бүгінде театрда қанша әртіс қызмет етеді? Репертуарларыңыз жайлы айтып өтсеңіз…
— Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 143 адам жұмыс істейді. Оның 60-ы шығармашылық құрам. 2017 жыл біз үшін жемісті болды. Жұмат Шаниннің 125 жылдығын жыл басынан бері тойлап, көптеген қойылымдар ұсынды. Күні кеше Жұмат Шаниннің 125 жылдығын ұрпақтарымен бірге еске алу кешін өткіздік. Қазіргі таңда театрдың шығармашылық құрамы үлкен жаңа қойылымдарға дайындық үстінде. Оның барлығы да келер жылы жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Бүгінгі күні театр ұжымы жаңа жылдық ертеңгіліктерге дайындық үстінде. Желтоқсан айының 20 -сынан бастап жылдағы дәстүр бойынша барлық мекемелермен келісімшартқа тұрғанбыз. 31 желтоқсанға дейін қойылымдар қояды.
— 60-қа жуық әртіс бар дедіңіз. Солардың басым бөлігі жастар ма әлде…
— Басым бөлігі әрине жастар. Ақсақалдарымыз да бар. Олар жас буынның, орта буынның ақылшылары. 84 жылдық тарихы бар театр болғаннан кейін ардагерлердің болуы заңдылық. Себебі, ол кісілермен біздің театр — театр. Театрдың мәртебесін көтеріп тұрады. 58 шығармашылық құрамнның орта буынмен есептегенде 48-і жастар. Оншақтысы ғана үлкендер. Қалғаны орта буынға кіреді. Жалпы жылдан жылға біз жастарды көптеп қамтып жатырмыз. Жылда жастарды көбірек алсақ деген ниетте боламыз. Көрерменнің сұранысына сай жастарды қамтуға тырысамыз. Жастардың көбі сырттан келіп жатқан жоқ, жергілікті М.Әуезов атындағы ОҚМУ Өнер институтын бітірген жастарымыз көп. Осы таңға дейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын , Астанадағы өнер ордаларын бітіргендер жұмыс істеген. Бірақ олардың театрдағы ғұмыры бір ақ жылға созылды. Алматы мен Астананы бітіріп келген осы жақтың тумаларын алып жатырмыз. Бұл бізге ұтымды. Алдағы уақытта театр әртістерне үй соғып беретін болса біз сырттан да «барлық жағдайларыңды жасайды» деген ұсыныспен талай әртіс шақырып біздің театрдың мәртебесін көтеруге жұмыс істерміз.
— Әртістердің әлеуметтік жағдайы тураыл айтып өтсеңіз… Сырттан шақырылған әртістердің баспана мәселесі қалай шешіледі?
— Бізге келген әртістер өздерінің туыстарының үйінде тұрып келді. Екі әртіс бірігіп бір пәтерде тұрып өздері төлеп келді. Оларға жағдай жасауға бізге мүмкіндік жоқ. Жылдардың жылдарында әрітстерге арнап үй соғылады деген әңгіме болған. Ондай атты күндер де туар. Нәсіп бұйырса сол күнге жетсек дейміз. Ол үйлер бізге ғана емес, бізде 8 театр бар. Сол театр әртістерінің бәріне ортақ үй болады деп білемін.
— Филармонияның өз үйі бар әртістерге арналған. Сіздерге ортақ емес пе?
— Филармонияның артындағы жатақхана барлық өнер ұжымдарына тиесілі. Біздің театрға 5 бөлме берілген. 20-ға жуық бөлмеде жас отбасылар тұрады. Облыс әкімшілігі мен мәдениет басқармасының қамқорлығы. Олар өздері үй алып аяқтанып кеткенше осылайша қолдау білдіріп отыр.
— Өнер адамдарының жалақысы қандай?
— Қазіргі әртістердің жалақысы көңіл көншітерліктей. Ешқайсысы «жалоба» жасап жатқан жоқ. Жалақыдан бөлек актерлік шеберлігіне қосымша төленеді. Театр саласында айлыққа қосымша төленеді. Өзіміздің әртістердің ойынына, әртістік шеберлігіне санаймыз. Аудандарға барып гастрольдік сапарлардан түскен табысымыздан бөліп төлейміз. Сыртта 10 жыл бойы жұмыс істеген әрістер келсе олардың еңбек өтіліне қарай алатын ақшасы жаман болмайды. Еш жерде жұмыс істемей бірден келген адамның өзі 35 пен 50 мың теңгенің арасында жалақы алады. Қосымша олардың 6, 7 ден кейінгі уақыты бар,оған да төленеді. Өнер адамы болған соң бір жерде тұрмайды, елдің сұранысымен тойға шығатындары бар, сценариймен шығатындары бар. Олардың тапқан табысына қарсылығымыз жоқ. Жалақысынан бөлек табатын қосымша табыстары бар. Өнер адамдарынсыз той өтпейтіні белгілі. Сондықтан да театрымызда жұмыс істеп жатқан әртістердің барлығының да топтары бар. Әншілікпен, асабалықпен айналысады, мектепке барып үйірме жүргізетіндері де бар.
— Өңірімізде қуыршақ театры, сатира, опера және балет театры бар, барлығының жалақысы бірдей ме?
— Өнер мекемелерінің барлығына заң талабы бойынша бірдей қылып беріледі. Еңбек өтіліне байланысты төленеді. Шымкент жастар театры ашылды. Олар енді аяқт анып келе жатыр. Сатира, опера, қуыршақ театрларындағы бұрыннан төселген беделді әртістер… Дипломына да байланысты. Орта оқу орындарын бітіргендер соған орай жалақы алады.