«Туризмді дамытуға басты басымдық берілуде»

536

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің «Рухани қазына» кіші бағдарламасының менеджері Гулнара Бекмұратова.

— «Рухани қазына» кіші бағдарламасының негізгі міндеттері қандай?

— Негізгі міндетіміз рухани, мәдени құндылықтарымызды жалпы халыққа насихаттау. Кеңселік жоба ұйымдастырылып маусым айынан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Бұдан бөлек туризм саласын да дамытуға басты басымдық берілмек. Осы бағдарлама бойынша екі жобаны қолға алып отырмыз. Ол көне Түркістанды жандандыру және Шардарада жағажай туризмін дамыту. Өте ауқымды халықаралық іс-шара өткіздік. «Оңтүстік туризм Инвест — 2017» атты халықаралық шара өткіздік. Соның аясында жәрмеңке болды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде туристік ассоциация бар. Солармен бірлесе «Ұлы Жібек жолы» атты фестиваль өткіздік. Оған 500-ден аса адам қатысты. Қытай Республикасының осы туризм саласы бойынша мемлекеттік орган өкілдері, бірқатар халықаралық сарапшылар, ОҚО-дағы елшілік өкілдері қатысты. Осы іс-шараның аясында кездесулер өткізілді. Отандық туристік ұйым өкілдері мен шетелден келген туристік ұйымдардың өкілдері арасында кездесу ұйымдастырылды. Соның аясында 4 меморандумға қол қойылды. Соның бірі Өзбекстаннан келген ұлттық өнімді өткізу орталығы мен «Қазақ туризм» мекемесі арасында келісімшартқа қол қойылды. Облыста 2016 жылы туристік ақпарат орталығы ашылғаны белгілі. Осы орталық пен Өзбекстанның ұлттық өнімдерді өткізу орталығымен келісімшарт түзілді. Осы үлкен іс шараның аясында инфотурларға жалғасты. Сарыағаш ауданында инфо-тур өткізілді. Форумға қатысушылар Түркістан, Сауран қаласына инфо тур аясында саяхат жасады. Шетелден келген ұйым өкілдері көне қаланы аралады. Өзіміздің туристік ұйымдардағы көрмеген адамдар бар екен. Оларға бәрі ұнады. Сауран қаласына дейінгі жолды жақсылап жасап қойған. Енді алдағы уақытта көптеп туристер келеді деген үміттеміз. Туристік әлеуетімізді насихаттау басты мақсат болып отыр. ОҚО-да туризмді дамыту барысында 4 жоба жүзеге асырылуда. Осы жобаларға инвестор тарту мақсатында өткізілген болатынг Жылдан жылға туристер саны артып келеді. Алдағы уақытта да аталған форум жылда жалғасын табады деген ойдамыз. Ұлы Жібек жолы бағытындағы туримді дамыту жұмыстары жалғасуда.
— Туристік бағытта арнайы жоба бар дедіңіз…

— Көне Түркістанды дамытуды 2022 жылға дейін жоспарлап отырмыз. Біраз жұмыстар басталып та кетті. Егжей-тегжейлі жоспары әзірленді, Ясауи мавзолейі маңында ескі қалашық бар. Сонда археологиялық жұмыстар жүргізіліп, реставрация жасау үшін жобалық-сметалық жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.