«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары — «Жас туристер» стансасының директоры Сәуле Өмірбаева және мүшелері Шерхан Мырзахан, Мерей Есенгелді.
— Мекеменің 60 жылдық мерейтойы екен биыл. Дайындық қалай?
— 60 жылдық тарихы бар мекеменің мен бесінші директорымын. Әртүрлі басшылық болған. Жақсы жұмыстар атқарылған. 70-80-ші жылдары облыстық жас туристер стансасының атағы алысқа кеткен, Кеңес одағындағы барлық елдер білген екен. Атағы дүркіреп тұрған. Оны Санкт Петербургқа барғанда естідім… Рухани жаңғыру дейміз ғой, сол сияқты сана сезімнің жаңғыруы болады, әр жұмысқа өзіндік жаңашыл көзқарас болады. Мен басшы болғалы осы туристік өлкетану экскурсиялық жұмысқа жаңа бір леп, инновация мүмкін бір шығармашылық креативтік көзқарастармен жаңа жобаларды қолға алып, жүзеге асырып жатырмыз. Оқушыларымыз белсенді, үйірмелерге қызыға қатысады. Олардың да өздерінің атқаратын жұмыстары орасан зор. Мекемеде үш бөлім жұмыс атқарады. Туристік спорттық, өлкетану, экскурсиялық. Туристік спорттық бұқаралық іс шаралар көп өткізіледі. Жас туристер болған соң туризм ол спортпен егіздес ұғым. Спорттық іс-шаралар, федерация чемпионаттары болады. Құзға өрмелеу, тауға бару, бір күндік, бірнеше күндік жорықтар, экскурсиялар көп өтеді. Мұның бәрі де балалардың қызығушылығын арттырады. Кейінгі уақытта бұрын өткізілген іс-шаралармен қатар бұрын бізде болмаған жаңа жобалар қолға алынуда. Маусымдық іс-шаралар, қысқы спорт түріне баулу, қызығушылығын артыру басты мақсатымыз. Біз спорттық мектеп емеспіз балаларға арнайы разряд, категория беретін. Дегенмен біз балаларға туризм мен спорттың, өлкетанудың барлық түріне баулуға, қызығушылығын артыруға барымызды саламыз. Әрі қарай мүмкін балалар өсе келе болашақ мамандықтарын таңдауға себепкер болармыз деген үмітіміз де бар. Биыл қыркүйек айында су туризмі бойынша байқау ұйымдастырдық. Жоспар бойынша 148 бала болуы керек еді. 150- ден аса бала қатысты. Бір қуанарлығы барлық аудандар қатысты. Облыстық мекемеміз, сондықтан 14 ауданда жас турситер стансасы жұмыс істейді. Тек Ордабасы және Мақтарал ауданында бөлім ретінде жұмыс атқарады. Іс-шараларда Мақтарал ауданы өте белсенді. Жақсы демеушілік көрсетті. «Электрокомплект» зауытынң бас директоры Юрий Лукьянов, Владимир Бородулиндер нұсқаушылық пен демеушілік танытты. Велотуризмді қолға алып жатырмыз. 200 оқушыға дейін қамти алдық. Жаңа жобаларымыздың бірі «Біз туристік отбасымыз» атты жоба өткіздік. Еліміз бойынша алғаш рет өтті. Туризмге тек қана балаларды емес ата -аналарын да қамтуды көздедік. Пилоттық жоба болғанымен тамаша өтті.
— Туризмге балалрдың көзқарасы қандай? Тау тасты аралау, екі-үш күндік өлкетануға қатысты кемшіндік бар ма?
— Туризм саласын бүкіл әлем назарға алып отыр. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев та басты назар аударуда. Жалпы туризмге, ересектер туризіміне көзқарас дұрыс. Ал егер ересектер турзімін дамытамыз десек балалар тизуизім соның іргетасы. Сондықтан балалар туризіміне қызығушылық зор. Баланың бірінші денсаулығына қараймыз, біліміне мән береміз. Тәрбиені де естен шығармаған ләзім. Бірінші балаға білімнен бұрын тәрбие беру керек. Сондықтан тәрбиеге туризмнің қосатын үлесі зор. Себебі баланы қиыншылыққа мойымауға, күш жігерін арттыруға, дос болуға, бір-біріне көмек беруге әзір болуға бәріне тәрбиелейді. Арқақапты арқалап, тау тасты аралау, жорыққа баруға ата-аналардың да, үйірмеге қатысатын балалардың да қызығушылығы көп. Адам табиғаттан жаралған. Ақпараттық даму заманында өзіміздің сол болмысымызды есімізге алып, табиғатпен үнедессек нұр үстіне нұр. Денсаулығымыз да, күш жігеріміз де артады.