Жүргізуші емтиханын тапсыруға үш рет мүмкіндік беріледі

355

Шымкент қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бүгінде жүргізуші қауымға көптеген жеңілдіктер сыйлап отыр. Мұнда автокөлікке қатысты барлық қызмет түрлері орталықтандырылған жүйе бойынша көрсетіледі. Әрине бұл орталық көптеген түйіткілді мәселенің түйінін тарқатты. Бұрынғыдай апталап жүріп бітіре алмайтын шаруаны бірнеше сағаттың ішінде шешуге болады. Кезек азайды.

Мамандандырылған орталықта ықпаландыру-ақпараттық, интерактивтік жүйе жұмыс істейді. Ол арқылы қанша құжат қабылданды, оның қаншасы орындалды соның бәрі тізімге алынады. Медициналық анықтама жинау үшін бұрын қаланың әр тарабына барып сандалуға тура келетін. Мұнда №083 медициналық анықтамасын алу үшін психоневрологиялық, наркологиялық тексеруден өтуге болады. Үміткердің наркологиялық орталықта тізімге алынбағандығы тереңдетіп тексеріледі. Республикалық база бойынша. Ескеретін ерекше жайт, жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің үш рет емтихан тапсыруға мүмкіндігі бар.

Жүргізуші емтиханын тапсыруға үш рет мүмкіндік беріледі

Дәулет Дүйсенбеков, мамандандырылған ХҚКО бөлімінің басшысы: «2017 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айына дейін 169 621 өтініш иесіне қызмет көрсетілді. Оның 58 637-іне жүргізуші куәлігі берілді. Мұнда медициналық тексерістен өтеді, наркодиспансер, психдиспансерден өтеді. Автодром толық жабдықталған, екі автомат қорапты көлігі, 1 механикалы қорапты, 1 жүк көлігі бар. Тапсыра алмай қалса, 7 күн беріледі, одан да өте алмай қалса, тағы да 7 күн беріледі. 3 рет мүмкіндік беріледі. Одан да өте алмай қалса 6 айдан кейін келіп тапсырады.»