Балалар кинозалы ашылды

820

2018 жыл – «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп жарияланғанын ескерген облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ұжымы балаларға қуаныш сыйлады. Кітапхана ғимаратында Балалар кинозалының лентасы қиылды.

Енді кез-келген мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылары кинозалға келіп, Қазақстанда жасалған анимациялық мультфильмдер және «Балапан» телеарнасын онлайн көруіне болады.

Облыстық кинобейне орталығының директоры Батырхан Дәуренбеков, «Отырар» облыстық- әмбебап-ғылыми ктапханасының директоры Айдарбекова Күлия сынды өңіріміздің мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген белді азаматтар да балалардың қуанышын бөлісуден шет қалмай, ақжарма тілектерін арнап, бағалы сыйлықтарын табыс етті.

 

Салтанатты рәсім № 61,3, 65 балабақшаларының бүлдіршіндері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік балалар кітапханасы таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді.