Балаларын үтікпен ұрып, шанышқыны күйдіріп басқан анаға қатысты ашық сот отырысы басталды. Бүгінгі отырыста прокурор айыптау актісін оқып, айыпталушының әрекеттеріне құқықтық баға берді. Тергеу нұсқасына сәйкес, анасы балаларға жүйелі түрде күш көрсетіп келген.
Шымкент қаласында кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық дерегі бойынша резонансты іс сотта қарала бастады. Өз балаларын ұрып-соқты деп айыпталған анаға қатысты бүгін алғашқы сот отырысы өтті. Бұл дерек қоғамда үлкен талқылау тудырған еді. Өйткені, күдікті ана бауыр еті екі баласын әбден қинаған. Яғни, үтік пен шанышқыны күйдіріп балаларының денесіне басқан. Ұрып-соққан деді прокурор айыптау актісінде.
ДАРХАН ҚОРҒАНБАЙ, ПРОКУРОР: «Өзіне жүктелген ата-ана міндетін дұрыс атқармай, тәрбиелеп, ықпал ету шараларын дұрыс қолданбай, өзіне ешкім қарсылық білдіре алмайтын ұғына кәмелетке толмаған адамға көрінеу дәрменсіз күйде екенін көрінеу белгі жәбірленушіні азаптау мақсатында аса қатігездікпен, қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшыратқан. Өз кезегінде Ергешова өзінің ұлы кәмелетке толмаған ұлының басынан ұрып -соғып, ас бөлмеде тұрған шанышқыны біреуін қолына алып, газға қызыдырып, Анарбековтің аузына басқан».
Сот отырысына екі куә, екі жәбірленуші белгісіз себептермен келмеді. Сонымен қатар, айыпталушының қорғаушысы болмады. Десе де оған, мемлекеттік адвокат берілді. Алайда, күдікті өз қорғаушысын күтуді сұрады. Сондықтан сот отырысы кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Олар мемлекеттің қарауында. Әжесінің айтуынша, қорлық көрген балалары анасын мүлдем сұрамайды. Десе де, ортаншы баласы анасын еміс-еміс есіне алған.
МУХАББАТ ЕРГЕШОВА, БАЛАЛАРДЫҢ ӘЖЕСІ: «Балалардың қазір үшеуі санада, біреуі малюткада. Балалардың жағдайы жақсы. Оқып жатыр. Көріп тұрамын. Ең кішкентай қыз сұрады. Қайда деді. Олардың жүрегін ауыртпайын деп, сендерді ұрған соң, қан қысымы көтерліп ауруханаға түсіп қалды деп айттым. Қыз ғой. Жүрегі ауырады. Бәрібір сұрайды».
Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға жыл басында орын алған болатын. Туған анасы бауыр еті балаларына ауыр дене жарқаттарын салып, денесіне үтік басқан. Туыстарының айтуынша, 10 және 8 жастағы балаларға анасының көрсетпеген қорлығы жоқ. Тіпті, 5 сынып оқитын қызының шашын да қидалап тастаған. Ол аздай, Қошқарта өзеніне барып, күн суықта суға салған.
Айта кетейік, жәбір көрген балалардың анасы мен әкесі 2023 жылы ажырасып кеткен.
Нұргүл Жолымбетова






