Úı ANONS Өз балаларын азаптаған әйел 5 жылға сотталды

Өз балаларын азаптаған әйел 5 жылға сотталды

фото Отырар.кз

Балаларын үтікпен күйдіріп, аузына шанышқыны қыздырып басқан ана 5 жыл, 3 айға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, сотталушының 4 баласы бар. Олар қазіргі таңда мемлекеттің қарауында. Қатыгез әйел туған балаларын аяусыз ұрып, соғып отырған. 30 жастағы әйел қызының шашын алып тастаған. Баланың аузына шанышқы қыздырып басқан. Одан кейінгі 3 және 1 жасар қос бүлдіршін сәбилер үйіне орналастырылған.