ОҚО-да жаңа жыл түні 300 бала дүние есігін ашты

623

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңа жыл түні жалпы саны 300 бала өмірге келді» деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. Бір ғана №2 облыстық перинатальдық орталықта 17 бала туылған. Орталық дәрігерлері бұл жылдағыға қарағанда жоғары көрсеткіш деп отыр.

Жыл басында дүниеге сәби әкелген қала тұрғыны Ақсәуле Дәулетова: «Бұл менің үшінші перзентім. Тұңғыштарым егіздер. Сәбиімнің жағдайы жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Мереке күні тынбай жұмыс істеді. Елімізде жылдан жылға халық саны көбейе берсін».