Өңіріміздегі су қоймалары , өзендердегі судың деңгейі, температурасы сала мамандарының жіті бақылауында. Қазгидромет мекемесінің оңтүстіктегі филиал мамандары өзендерде су шамалы қатқанын мәлімдеді. Ал су шаруашылығындағылар өзендер мен су қоймаларының жанында орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді. Мұздақтардың қалыңдығы қанша? Күн бірден жылынса, су тасу қаупін туғызбай ма?
Байланыс торабының қызметкерлері облыста орналасқан 27 гидробекеттерден ауа, судың температурасы мен деңгейі жайлы мәлметтерді күнде қабылдап алады. Бақылау өңірдегі 19 өзен мен Шардара су қоймасында жүргізіледі. Содан кейін әрбір бөлім, мәселен гидрология бөлімінің мамандары мәліметтерді өңдеп, облыс бойынша әкімшілікке, төтенше жағдайлар департаменті сынды тиісті мекемелерге таратады.
Облыстағы су қоймалары мен өзендердегі судың деңгейі, оның температурасы басты назарда дейді гидрологтар. Соңғы күндері өңірде тіркелген аяздан өңіріміздің солтүстігіндегі өзендердің суы қатыпты.
Облыстағы 47 су қоймасының 20-ның күтіміне «Оңтүстік Су Шар» мекемесі жауапты. Мамандар өңірдегі ірі Шардара, Бөген су қойамалары мен Көксарай су реттегішіндегі судың деңгейі үнемі бақылауда дейді. Қазіргі таңда Бөген су қоймасында 80 млн текше метр су бар. Бұл осында жиналатын судың 22 пайызын ғана құрайды екен.
Сырдария өзенінен аққан судың 785 текшеметрі Шардара су қоймасында жиналған. Оның қуаты 2 млрд 321 млн текшеметр. Қазір 43 пайызға су толған. Оның 200-і Көксарайға жиналса, қалған 300 текшеметрі Қызылордаға жіберіледі.
Сушылар Сырдария өзені бойындағы елдімекендерді су басу қауіпі Көксарай су реттегіші салынғаннан бері сейілгенін атап өтті. Оған қоса, биыл жауын шашын да, қар да мөлшерден аз түскен. Тағы бір жаңалық Көксарай су қоймасы су шаруашылығы меншігіне өткен. Бұл дегеніміз Көксарай су реттегішіне жиналатын және жіберілетін судың мөлшері жіті қадағаланады. Айта кететін жәйт, өңірдегі су қоймалары мен өзендерге қатысты жағдай сала мамандарының бақылауында.
Шынар Оразова