Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ұтымды жолдары айтылды

563

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен, Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастырумен «Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту» жөнінде арнайы форум өтті.

Форумның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы маңызды тапсырмалардың бірі Қазақстан Республикасын әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосу болып табылды. Осы орайда аталған форумда Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде еліміздің позициясын жақсарту үшін еліміздің жетістіктері, жасалған реформалар, саясат және ақпараттандыру туралы кеңінен насихатталды.

Форумға Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және өзге де министрліктерінің, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму басқармасының және жергілікті қаржы институттарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ҚР «Атамекен» ҰКП, ҚР Жоғарғы соты және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Жиында сөз алған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі А.Сүйлейменова Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі туралы кеңенін тоқталып атқарылған жұмыстармен министрліктің алда тұрған жоспарларын баяндады.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер орталық мемлекеттік органдар өкілдерінен бірқатар мәселелерге байланысты сауалдарына жауап алды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі