Аудан экономикасын өрлетуге өзіндік үлес қосуда

40

Түркістан облысына қарасты Қаызғұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы жуырда жеке жұмыс жоспарына сәйкес Сарапхана және Қазығұрт ауыл округтерінен келген бірнеше азаматпен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар ауыз су, ғаламтор мәселелері және кәсіпкерлік мақсатта жер алу мәселесі төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына шешімін табуды тапсырды.

Аудан әкімі «Қазақстандықтардың әл ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының жүзеге асу барысын да тілге тиек етті. Дәл осы бағытта бүгінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы әлетте Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы тұрақты түрде дамып келеді. Дамудың жарқын көрінісі ретінде ұлттық жобалар сәтті жүзеге асырылуда.

Ауылда тұратын ағайын шағын және орта бизнеспен айналысуға бет бұрып, тұрмысын түзеуде. Өнеркәсіп саласындағы жетістіктер жыл басында жоспарланған нәтижеге сай орындалуда. Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 20-дан астам кәсіпорын бар. Олардың қатары алдағы уақытта толыға түсетін болады. Кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі артып, аудан экономикасын өрлетуге өзіндік үлес қосуда.

Қазығұрт ауданында қазіргі таңда 100-ге жуық шағын жоба іске қосылып, 500-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан өзге, шағын және орта кәсіпкерлер саны 10 мыңға жуықтап, 114,6 пайызға өсті. Кәсіпкерліктің негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы болып отыр. Жылыжай шаруашылығымен айналысатындардың қатары қалың. Одан бөлек бүгінде ауданда балық шаруашылығын дамытуға ден қойып жатқандардың қатары артып отыр. Ауданда кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалуда. Қазығұрт ауданындағы «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсіпкерліктің кең қанат жаюына көп көмегі тиіп отыр. Аталмыш орталық «Бір терезе» қағидаты бойынша 3 бағытта қызмет көрсетіп келеді. Олар – консалтинг, жобаларды жасау және сүйемелдеу және құжаттарды рәсімдеу бөлімі. Бұл жерде кәсібін жаңадан ашпақ болған азаматтар мен жүріп тұрған бизнесін дамыту бойынша тиісті көмектерге ие бола алады. Өткен жылдың қорытындысымен жобаларды сүйемелдеу бөлімі арқылы бизнес жоспарын жүзеге асырғандардың қатары артқан. Оның ішіндегі басым бөлігі – мал шаруашылығын дамыту бойынша сұраныстар.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлерге барынша қажетті көмек көрсетілген.