Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

741

Ведомствоны бұған дейін басқарған Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды, оның орнына Мәдина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды sputniknews.kz. Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалғанға дейін Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды. Жаңа министр әр жылдары стратегиялық жоспарлау агенттігінде, премьер-министр кеңсесінде, президент әкімшілігінде еңбек етті. Экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. 40 жастағы Әбілқасымова 2014 жылдың тамызынан бүгінге күнге дейін ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет етті.