«Алфа-Банк»-тен футболдан әлем чемпионатына билет ұтып алыңыз

700
revistarusa.net

Кәдуілгі күйбең тіршілікпен, жұмысқа барып, дүкендерден сауда жасап жүргеніңізде тосын сыйға тап болсаңыз керемет емес пе?! Әсіресе, 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына билет ұтып алсаңыз, тіпті тамаша!

Мұндай мүмкіндікті «FIFA 2018» -дің ресми серіктесі «Альфа – Банк» ұсынады. «Риксос Хадиша» қонақүйінде «FIFA 2018» -дің аймақтық серіктесі ретінде таныстырылымы өтті. Биыл басталатын әлемнің басты футбол додасының ресми кәдесыйлары да ойнатылды.

Қонақүйдің кіреберісінен-ақ қонақтарды футболдан әлем чемпионатының ресми символы қарсы алды. Мұнда баспасөз мәслихаты мен аймақ кәсіпкерлерінің форумы өтіп жатыр. Іс шара аясында банк қызметкерлері «Альфамен жеңіске жет» акциясын таныстырды. Басқарма мүшесі Талғат Шәріповтың айтуынша, Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына билетті банктің кез – келген клиенті ұтып ала алады.

Талғат Шәріпов, «Альфа-Банк» АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директоры: «Ең бастысы, «Альфа-банк» карточкасына ие болып, сауда саттығыңызды жасап жүре бересіз. Жеке тұлға ма, заңды тұлға ма, маңызды емес. Бір күні күтпеген жерден футболдан әлем чемпионтана билет ұтып ала аласыз».

Жәй билеттермен қатар VIP билеттер де бар. Футболдан әлем чемпионатының ең үздік матчтарын көруге керемет мүмкіндік. Аяқ доп ойынының әлемдік жұлдыздарымен бірге вип жайда отырып матч тамашалауыңыз да ғажап емес.

Карточкалық бөлім басшысы Арман Мамонов футбол жанкүйерінің алтын карточкасының артықшылықтары туралы айтып берді. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің тыныс тіршілігін етене тануға, туындаған мәселелерін бірге шешуге көмек. «Альфа-Банк» бизнесті дамытудың жаңа өнімдеріне аса мән береді. Айта кетейік, Шымкентте «Альфа-Банктің» бөлімшесі екі жыл бұрын ашылған. Клиенттік базасы бай.

Марат Курбенов, Қазақстандағы «Алфа-Банк» АҚ Шымкенттегі бөлімшесінің директоры: «Біздің аз уақыт ішінде клиенттік базамыз кең. Оңтүстіктің тұрғындарына банк есігі ашық екендігін айтқым келеді. Қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында бізде жаңалықтар да көп».

Форум қатысушылары арасында «FIFA – 2018» – дің ресми символы – кәдесыйы ойнатылды. ОҚО сауда өндірістік мүмкіндігі «Алфа-Банкке» жүздеген қызмет түрін көрсетуге серпін береді. «Альфа-Банк» Қазақстандағы үздік банктің үштігіне енген. Банктің басты мақсаты-клиент және оның қажеттілігі. «Альфа Банк» клиент қаржысын сақтау мен көбейтудің көздерін біледі.

Лиц. №236 , выд. АФН РК от 21.12.2007г.

филиал мекенжайы:

Шымкент Ж. Тыныбаев көш. 7
Тел: 99 79 01, 99 79 02