Úı ANONS Қала күні автобустар тегін жүреді

Қала күні автобустар тегін жүреді

фото Отырар.кз

 

19 маусым – Қала күніне орай Шымкент тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүру тегін болады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл шара тұрғындардың саябақтарда өтетін мерекелік концерттер мен түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға кедергісіз қатысуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Осы күні қала аумағындағы барлық автобус бағыттарында жолаушылардан жолақы алынбайды.