Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау басталды

742

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

Конкурстың мақсаты — отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.

«Мерейлі отбасы» байқауына еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2018 жылғы 10 мамырына дейін Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №6, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі, №109 кабинетте қабылданады. Байланыс телефондары: 54-50-31, 54-51-53