ОҚО-да полицейлер ұялы телефон тонаумен айналысқан күдікті азаматтарды ұстады. Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің екі тұрғыны арызданған. Олар арыздарында өздерінің кәмелет жасқа толмаған балаларының құны 50. 000 теңге тұратын ұялы телефондарын өзіне таныс емес белгісіз азаматтар тартып алғандығын көрсеткен.
Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде жергілікті жердің екі жас азаматтарын ұстады. Аталған жайт Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-ның «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.
Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Тонау жайтының құрбаны болмас үшін, бағалы заттарыңызды көпшілік орындарында бейтаныс адамдарға көрсете бермеңіз.