“Жауқазын» іс-шарасы өтті

538
Бәйдібек аудандық әкімдігі

Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Жауқазын» мерекелік шарасын ұйымдастырды.

Мерекелік кеште мүмкіндігі шектеулі балалар өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән шырқап, биші қыздар «Көбелек», «Кемпірқосақ» билерін, өнерлі жігіттер «Тұлпарым» биін биледі. Шарада балаларды мерекесімен құттықтап келген сайқымазақтар мен трансформерлер өздерінің өнерлерін көрсетіп, балалардың көңілдерін көтерді.

Кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айкен Мәкенұлы балаларды мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Шара соңында күндізгі қатынау бөлімшесінің мамандары мен әлеуметтік қызыметкерлер балалармен бірге «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындады.