“Ордабасы» футбол клубының президенті тағайындалды

548
prosports.kz

“Ордабасы” футбол клубының президенті ауысты. Бұл жөнінде осыдан бір жеті алдын айтылған да еді. Алайда, бүгін бұл мәлімет ресми түрде нақтыланды. Енді Бақтияр Байсеитовтың орнына Нұржан Қатаев келді.

Ол осыған дейін Шымкент қалалық спорт бөлімінің басшысы болған еді. Күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем жүлдегері атанған палуан. Ал, “Ордабасының” бұрынғы президенті Бақтияр Байсеитов болса енді клубтың қаржылай бөлігіне жауапты болады.

Естеріңізге салайық, “Ордабасы” футболшылары бүгінде турнирлік кестенің төртінші сатысында тұр. Жоспар алғашқы үштіктен көріну болып тұр.

 Prosports.kz