Сарыағашта шағын су электр станциясының құрылысы жүргізілуде

506

Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіндегі «Келес» өзені бойынан жалпы құны 1220,0 млн.теңгені құрайтын «Келесгидрострой» ЖШС-нің 4,2 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда 400,0 млн. теңге қаржы жұмсалып, дайындық жұмыстары жүргізілді. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындап, орнату жұмыстарын жүргізу үшін Германия компаниясы мен «Келесгидрострой» ЖШС-іі арасында келісімшарт жасалып, 820,0 млн. теңге қаржы аударылған.

Германиялық компания өкілдері келіп, аудан әкімінің қабылдауында болды. Биылғы қараша айында Германиядан тағы да құрал жабдықтар жеткізетіндіктерін және 1,5 – 2 айда орнату жұмыстарын жүргізіп, бітіретіндерін айтты.