Қаруланған автокөлік тонаушы ұсталды

308

Түркістан қ. ІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда ағымдағы жылғы тамызда көшелердің бірінде белгісіз тұлғалар шабуылдап, кілтін тартып алып, «БМВ» автокөлігін ұрлап кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК «тонау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі миллионнан аса теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекші АІІБ полицейлері күдіктілердің бірін Шымкент қаласында ұстаған. Ол бұрын сотты болған Түркістан қаласының тұрғыны болып шыққан, тәртіп сақшылары күдіктіден екі жарақат салатын тапанша тәркіледі.

Аталған жайттар бойынша «тонау» және «қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушінің автокөлігі заңды иесіне қайтарылған. Полицейлері қылмыстың басқа қатысушыларына іздеу салуда.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің жинақталған материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Түркістан облысының полицейлері тонаудың құрбанына айналмас үшін тұрғындарға өз мүлкінің сақтығына қауіпсіздік шараларын ұстану керектігін ескертеді.