Úı ANONS Шымкенттегі теміржол өткелі құрылысының сапасы тексерілді

Шымкенттегі теміржол өткелі құрылысының сапасы тексерілді

фото ШӨКҚ

 

Шымкент қаласындағы Керім Тленшин көшесінде теміржол үстінен өтетін маңызды көлік өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба қаладағы көлік қозғалысын жақсартып, жол кептелісін азайтуға, сондай-ақ Сайрам тұрғын алабы мен Түркістан облысы бағытындағы көлік ағынын жеңілдетуге бағытталған.

Бүгін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы теміржол өткелі құрылысы нысанындағы жұмыстар мен қолданылған материалдардың сапасына сараптама жүргізді.

Тексеру барысында құрылыс жұмыстарының сапасын бағалау мақсатында зертханалық сынақтарға арналған бетон қоспасының үлгілері алынды. Атап айтқанда, ПС-4.19 бірінші кезеңінен В25 маркалы бетон қоспасы іріктеліп, зертханаға жіберілді. Сондай-ақ, 3-тіректің 19 қабырға бөлігі (секциясы) ИПС МГ-4 аспабының көмегімен тексеріліп, талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Сонымен қатар, ПК 6+00 – ПК 7+00 аралығындағы қосымша негіз қабатының жұмыстары аяқталды. Негіздің сапасы мен тығыздығын бағалау үшін бұзып-жармайтын әдіс қолданылып, HMP LFG №11679 аспабы арқылы өлшеулер жүргізілді.

Сынақ нәтижелері бойынша көрсеткіштер төмендегідей болды:

* оң жақ бөлігінде – 90,89 МПа;
* ось бойында – 79,57 МПа;
* сол жақ бөлігінде – 47,96 МПа.

Қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес негіз қабатының беріктік көрсеткіші кемінде 40 МПа болуы тиіс. Жүргізілген өлшеулер нәтижесінде ПК 6+00 – ПК 7+00 аралығындағы қосымша негіз қабатының белгіленген талаптарға толық сәйкес келетіні расталды.

Құрылыс нысанында сапаны бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.